Үзіліс кезінде демалуға арналған
ережелерді сақтаймын
Хабарлы сөйлем

29. Мәтінді түсініп оқы.

Үзілісте

  Сәуле – сынып ұжымының ұйымдастырушысы. Ол үзілісте кезекшілердің терезені ашып, тақтаны сүртіп қоюын ескертеді. Тақта сүрткішті үнемі дымқылдап қояды. Балалардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды.
  Бірде Сәуле:
– Біз үзіліс кезінде дұрыс демалуға тиіспіз, ол үшін не істеу керек, әркім өз ойын айтсын, – деді.

•  Мәтін не туралы?
•  Үзілісте сендер не істейсіңдер? Сендер де өз ойларыңды айтыңдар.
•  Үзіліс не үшін беріледі деп ойлайсың?
•  Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелер құрастырып көр.

30. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Үзіліс кезінде сыныпта жүгірмейді. Айғайлап сөйлемейді. Әрдайым әдеп сақтау керек.

•  Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.

31. Суреттерге қара.

•  Суреттегі балалардың қайсысы үзілісте өзін жақсы ұстады? Қай оқушы өз тәртібін өзгертуі керек деп ойлайсың?

32. Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді 1, 3, 4-суреттердің көмегімен жазып көр. Жазғандарың қандай сөйлем?

33. Мәтінді оқы.

   Біздің сынып тауға саяхатқа баруды ұйғарды. Саяхатқа бару үшін демалыс күні сағат 10-да мектептің алдына жиналдық. Осы кезде мұғалім бізге өзінің ұялы телефонына хабарлама келгенін айтып, оны бізге оқып берді:
   «Бүгін қала тұрғындарына тауға шығуға болмайтынын ескертеміз. Қар көшкіні болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар комитеті».
   Біз саяхатты кейінге қалдырдық.

•  Мәтіннен хабарламаны тауып, көшіріп жаз.
•  Хабарламаның мәтіннен өзгешелігін тауып көр.

   Мәтінге қарағанда хабарламаның көлемі қысқа, шағын болады.
Хабарламада нақты бір ақпарат туралы ғана айтылады.

34. Хабарламаларды оқы. Оларда не туралы хабарланған?

1. Айжан, туған күніңмен құттықтаймын! Әсел.
2. Ертең сағат 12-де әуежайда күтіп ал.
3. 20 қаңтарда күтіп ал. 2-ші пойыз. 8-ші вагон. Жанат.

•  Хабарламадағы сөз санына назар аудар.

35. Мәтінді оқы. Онда неше сөйлем бар? Оны қалай анықтадың?

     Біздің мектебіміз орталықта мектептің бөлмелері кең, жарық, терезелері үлкен. Менің сыныбым екінші қабатта біздің сыныптың оқушылары әдепті

•  Мәтінде сөйлемнің қай түрі берілгенін айт.
•  Әр сөйлемнен кейін тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
•  Мәтінге ат қой.

36. Сынып оқушылары табиғат аясына саяхатқа барып келді.
Саяхат барысында алған әсерлерің туралы диалог құра.

37. Қызылмен жазылған әріптер бойынша жұмбақты оқы.

•  Жұмбақтың шешуін тап.

×
×

Корзина