Ақтелпек кемпірқосақтың суретін салғысы келді. Ол дереу ақ қағаз бен бояу қарындаштарын алып, сурет салуға кірісті.
Кенет:
– Осындай кемпірқосақ бола ма екен? – деген біреудің дауысы естілді.
Ақтелпек бұрылып қарап еді, ешкім көзіне көрінбеді. Ал қабырғаға күн сәулесі түсіп тұр екен.
– Амансың ба, балақай? Бұл менмін, Күн сәулесімін, сенімен сөйлесіп тұрған. Сен кемпірқосақты дұрыс бояған жоқсың.
– Қалай бояу керек екенін сен қайдан білесің?
– Себебі, кемпірқосақты жасайтын менмін.
– Сонда қалай? Сен ақсың, ол болса түрлі түсті ғой.
– Мен әншейін сырт көзге ғана ақ болып көрінемін. Ал шын мәнінде, менің бойыма бірнеше түс тоғысқан: қызыл, қызыл сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін.