Табиғат, Тіршіліксің тұнып тұрған, Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан. Сен – Көлсің, Сен – Ормансың. Сен – Бұлбұлсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған*.
Сен – Жарықсың, Сен – Жерсің, Сен – Гүлсің, Сен – Адамсың, Сен – Ауасың, Сен – Анамсың – Бәрі Сен – менің өмірім сен сыйлаған, Туған жерім – Отаным – Қазақстан.
Садықбек Хангелдин
• Өлең не туралы? • Өлеңге ат қой. • Табиғатқа нелер жатады? • Бізді қоршаған орта не деп аталады?
2. Сурет бойынша білетіндеріңді айтып көріңдер.
• Суреттегілерді бір сөзбен қалай атауға болатынын айт. • Көп нүктенің орнына қажеттілерін өзің тауып қойып, төмендегі үлгіде сөйлем құрап жаз.
Ү л г і : Қандай әдемі гүл! Мына пілдің үлкенін-ай! …
• Құраған сөйлемдеріңді таңданысты білдіретіндей дауыс ырғағымен оқы. Не байқадың?
Ол бұтаны бас салды, Міне, шатақ басталды. Қарып алды қалақай, Жылап қалды балақай…
Мұзафар Әлімбай
Орфографиялық Сөздік
гербарий
• Өлең не туралы? • Қалақай туралы не білесің? • Өлеңнен баланың қуанышын білдіретін сөйлемді тап, оның айтылу ырғағына және тыныс белгісіне назар аудар.
Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем деп атайды. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
4. Өлеңді көшіріп жаз.
Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты, Жер үстіне нұр шықты!
• Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. • Өлең шумағы сенің көңіл күйіңе қалай әсер етті?
5. Өзің екі-үш лепті сөйлем құрап жаз.
6. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Білгісі келеді
Сұрағы көп-ақ тіпті Құралайдың, Дегенмен ол орынсыз сұрамайды.
Бір күні таңғалдырды Құралайым: «Тіреусіз бұлттар неге құламайды?»
Немесе: «Қалай? – дейді, – неге? – дейді, – Аппақ қар қара бұлттан себелейді?»
Мұз неге ерігенде су болады? Су неге қайнағанда бу болады?
Құралай болса да әлі тым кішірек, Тұрады бәрін соның білгісі кеп..
Мүбәрак Жаманбалинов
• Мәтіндегі қарамен жазылғандар қандай сөйлемдер? • Осы сұрақтардың жауабын түсіндірме сөздіктен іздеп көр. • Әдемі гүлдер, жүзімнің тәттісі-ай сөздерін қатыстырып, лепті сөйлемдер құрап жаз.
7. Сөйлемдерді көркемдеп жаз.
Өзіңді қоршаған ортаны ластама! Суға түкірме! Ағаштың бұтақтарын сындырма! Гүлді жұлма!
• Жазған сөйлемдерің қандай сөйлем екенін айт.
8. Сурет бойынша мәтін құрап көріңдер.
• Суретке қарап не айтуға болады? • Сурет қандай көңіл күй туғызды? • Құраған мәтініңде лепті сөйлемдер болатын болсын.
9. Дұрыс құрастырылмаған мәтінді өзің қайта құрастырып жаз.
Өйткені адам, өсімдік, жануарлар – барлығы сусыз тіршілік ете алмайды. Су – өмір нәрі. Сусыз тіршілік жоқ.
• Бұл мәтіннің қай түрі? • Мәтіндегі негізгі ойды тап. • Мәтінге негізгі ойды бейнелейтіндей ат қой.
10. Көп нүктенің орнына сұрау не леп белгілерінің тиістісін қойып, өлеңді мәнерлеп оқы.
Не жомарт*… Кім жомарт…
– Не жомарт… – Жер жомарт Адамзатты асыраған. – Не жомарт… – Күн жомарт Жерге нұры шашыраған…
– Кім жомарт… – Ұстаз жомарт Бар балаға тәлім берген… – Кім жомарт… – Батыр жомарт Халық үшін жанын берген…
Мұзафар Әлімбай
• Жомарт сөзінің беретін мағынасын оқулық соңындағы түсіндірме сөздіктен оқып ал.