Бейбіт бақша ішінің балшығын бейберекет шашып, қопарып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария:
– Әй, балам, Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені асыраушы анаң ғой,– деді.
Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт:
– Менің анам үйде, аты – Зейнеп, – деді.
Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң Бейбіттің есіне қарияның айтқаны түсті.
– Апа, – деді ол, – мана бір шал маған жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң деді, ол не дегені?
– Сен не дедің? – деп сұрады Зейнеп.
– Менің анам үйде дедім.
– Балам-ай, неге осынша кір, балшық болып келгеніңді енді білдім. Ол кісі саған дұрыс айтқан. Жер – бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ.