1. Мәтінде не туралы айтылған? 2. Мәтін саған ұнады ма? 3. Дәннің жақсы өсуіне не себеп болды? 4. Қалай ойлайсың, оған судың пайдасы тиді ме? 5. Суды неліктен тіршілік көзі деп атайды?
29. Жұмбақты қатесіз көшіріп жаз. Шешуін тап.
Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң – қорын тек, Барша тірлік қурайды.
• Жұмбақтағы сөйлемдерден сөздердің байланысын тап.
30. Керекті сөздерді қойып өлең құра.
Сарқырама
құлайды, арыны. тулайды, сарыны.
К е р е к т і с ө з д е р : қия шыңнан, тасты бұзып, ақ жалданып, құлақ жарар.
31. Дұрыс құрастырылмаған мәтінді қайта құрастырып жаз.
Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды түйенің өзі сусыз сегіз тәулікке ғана шыдайды. Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады.
32. Меңзер бағыты бойынша бір әріп тастай отырып, мақал құрастырып оқы.
33. Мәтінді түсініп оқы.
Су – тіршілік көзі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су – табиғатта ең көп тараған зат. Оның адамға пайдасы мол. Әсіресе, минералдық сулар адам ағзасына пайдалы. Сондықтан ондай суларды шипалы сулар деп те атайды. Суды таза сақтау керек. Су ағатын арықтарды, өзен мен көлдің жағалауын ластамау керек.
• Мәтін не туралы? • Судың адамға тағы қандай пайдасы бар? • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қой.
34. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал-мәтелдер, жұмбақтар тауып айт.
• Осы тақырып мазмұнын ашатын шағын эссе жаз.
35. Жұмбақты көркемдеп жаз. Шешуін тап.
Дәмі де жоқ, түсі жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ.
36. Өзен, көл туралы мақал құрастырып көр. Ол үшін төмендегі жұмбақ құрастыру кестесін басшылыққа ал.
Әдемі, сылдырап ағады, жылға емес, Мөлдір, балықтар жүзеді, аквариум емес. Бұл не?