Синтаксис әлеміне саяхат

· Сөйлем туралы білетінімді еске түсіремін.

Синтаксис әлеміне саяхат

  – Біз бүгін синтаксис әлеміне саяхатқа шығамыз.
  – Синтаксис деген не?
  – Ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып, пысықтап тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты.
  – Сонда синтаксис біз білетін сөйлем және оның түрлерін зерттеумен шұғылдана ма?
  – Дұрыс айтасың, Мерей. Синтаксис сөйлем түрлерін, олардың жасалу жолдарын, сонымен бірге сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін, олардың мағыналары мен жасалу жолдарын қарастырады.
 Синтаксисті жетік білудің маңызы айрықша. Оны білмейінше айтылмақ ойды дұрыс құрастыру, екінші біреуге дәл жеткізу, сөзді мәнерлеп, майын тамыза сөйлеу*, ойыңды әсерлі етіп айтып беру ешбір мүмкін емес.

37. Мәтінді оқып, не туралы екенін анықта.

  Синтаксис – гректің «құрау, біріктіру, рет» деген мағынадағы сөзі. Қазіргі кезде синтаксис – тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымын, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматика саласының бірі.
Мәтінді көшіріп жаз.

38. Сызбаға қарап, қандай қорытынды жасауға болады?

Сызбадағы синтаксистің қай тақырыптары саған таныс? Қай тақырыптар таныс емес? Өз ойыңды ортаға сал.

39. Жай сөйлемдерді сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерімен сәйкестендір.

Хабарлы сөйлем 

Сауысқан шықылықтайды

Сұраулы сөйлем

 

Ақ батамды бердім!
Сауысқан шықылықтайды.
Баланы уата ма?
Ірімшік сүттен жасалады.
Күннің суығын-ай!
Жұлдыз жымыңдайды.

Берілген сөйлемдерді жалаң және жайылмаға ажырат. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Құраған сөйлемдеріңді сөйлем мүшелеріне талда.

40. Сызбаны толықтыр.

Бірнеше сөйлем құрап жаз. Оларды сөйлем мүшелеріне талда. Ол үшін форзацтағы сөйлем мүшелеріне талдау үлгісін басшылыққа ал.

41. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бастаушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға 
жазып, оны сөйлем мүшесіне талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан баланың
 пікіріне «Кім келіспейді?» деген сұрақ қояды. Келіспегендер өз пікірлерін дәлелдейді. 
Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушы болады.

  1. Көкек өз атын өзі шақырады. 2. Ол таңертең Баянауылға соқты. 3. Талапты ерге нұр жауар. 4. Атам қамшы өрді. 5. Лезде су сарқылды.

42. Сөйлем құрамы бойынша алған біліміңді пайдаланып, жағдаяттан шығып көр.

  Сөйлем мүшелерінің кезекті мәжілісі болды. Алғашқылардың бірі болып Бастауыш сөз алды. Келесі кезекте Баяндауыш сөйледі. Олардан Тұрлаусыз мүшелер де қалыспады.
  Осы кезде парақ бетіндегі сөздер тыңдаудан жалығып, өз ұсыныстарын айта бастады.

Бердібек Соқпақбаев

Қаратпа, қыстырма сөздер мен есімдер арасында болған диалогті құра.
Ізденуді ұйымдастыр.

×
×

Корзина