Сөз тіркесі

· Сөйлемнен сөз тіркесін табуды үйренемін.
· Сөйлемнен сөз тіркесін бөліп алуды үйренемін.

43. Сөйлемді оқып, көшіріп жаз.

  Кішіпейіл бала үлкендерді үнемі сыйлайды.

  Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді бірге көшіріп жаз. Баяндауыш арқылы бастауышқа сұрақ қой:

•  Сөйлемнен бастауышты оған қатысты тұрлаусыз мүшемен бірге көшіріп жаз. Тұрлаусыз мүшеге бастауыш арқылы сұрақ қой:

•  Сөйлемнен баяндауышты өзі қатысты тұрлаусыз мүшемен бірге көшіріп жаз. Баяндауыш арқылы тұрлаусыз мүшеге сұрақ қой:

  Сөз тіркесі басыңқы және бағыныңқы сөзден тұрады. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің байланысы сұрақ қою арқылы анықталады. Сұрақ басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қаратып қойылады:

44. Сөз тіркестерін оқып, мағынасын түсіндір.

  Жібек орамал, өзеннің жағасы, жуас ат, сөздің мағынасы, қалың қарағай, кең сарай, оқушының құралы, Жәнияның әжесі, ауыр жүк.
Екі сыңары да зат есімнен жасалған тіркестерді бағанның сол жағына, бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен жасалған тіркестерді бағанның оң жағына жаз.
Өзің қалаған тіркестерді қатыстырып, үш сөйлем құрап жаз.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.

45. Берілген сөз топтарының сөз тіркестері екенін кестені пайдаланып дәлелде.

Атаның өсиеті, қазақша сөйлеу, тақпақты жаттады, кең өлкенің.

46. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Өтірік сөз өрге баспас.
Осы сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көрсет. Сөз тіркестерін дұрыс тапқаныңды дәлелдеп көр.

47. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, «Ана тілі – арың бұл» тақырыбына әңгіме құра.

48. Сөз бен сөз тіркесін салыстырып көр. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

үй – кең үй, бару – жайлауға бару, өшіргіш – өшіргішпен өшіру, пәтер – екінші пәтер.

49. Әр қатарды осыған ұқсас сөз тіркестерімен толықтырып жаз.

1. Мектеп ауласы, …
2. Терең көл, …
3. Екі ешкі, …

4. Ақыл айт, …
5. Тез оқы, …

Сөз тіркестерінің екінші сыңарлары қай сөз таптарынан жасалған?

50. Сызбаға қарап, сөз тіркестері туралы қорытынды жаса.

51. Өлеңді көшіріп жазып, сөз тіркестерін тап.

Бесікті жатқа сатпайды –
Бабалар рухы* сынады деп,
Шаңырақты отқа жақпайды –
Киесімен* ұрады деп.

Кәп Құмарұлы

Өлең мазмұнын топта талқылаңдар.

52. Жұмбақтардан сөз тіркестерін тауып, кестеге орналастыр.

1. Кішкене ат пен үлкен ат
    Бір қазыққа байлаулы.
    Айналса да мың қабат,
    Тілемейді айдауды.

2. Бұйра тұлымы
    Желмен ойнайды.
    Қызыл мұрыны
    Жерге бойлайды.

Жұмбақ шешуіндегі сөздердің біреуімен мәтін құрастыр.

53. «Қошемет айту» ойынын ойнайық. Ойынның шарты: досының келбеті, 
мінезі, тағы басқа қасиеттері туралысөз тіркесін айтып, допты бір-бірлеріне 
лақтырады. Мүдірмей, тез айтқан оқушы жеңімпаз болады.

×
×

Корзина