Мен не үйрендім?

1. Мәтінді түсініп оқы.

Күлмеңіздер кәріге

  Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!» – деп. Әкесі балаларына ұрсады, балалары мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бейшара шалды тағы да келемеж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүрер болсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді маған да күлер деп қорқамын».
  Балалары ұялғанынан қызарып, сонан кейін кәрі кісілерге күлмейтін болыпты.

Міржақып Дулатов

Мәтін тақырыбын анықта. Ол үшін дұрыс жауапты таңда:

• Мәтінге қойылған ат ненің қысқаша атауы?

2. Негізгі ой айтылған мәтін бөлігін көшіріп жаз. Жазған сөйлемің жай сөйлем бе, әлде құрмалас сөйлем бе?

3. Берілген кестеге мәтіннен сын есім+зат есім, зат есім+зат есім, зат есім+етістік
 сөз тіркестерін тауып, сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

4. Мәтінге жоспар құр. Ол үшін мәтіннің әр бөлігіне ат қой.

1. …
2. Уәдеде тұрмау.
3. …

Жоспар бойынша әр бөліктің мазмұнын айт.

5. Мәтіннің қай түрі?

×
×

Корзина