Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.
Тиянақты ойдың біткенін білдірем,
Сөйлем соңына таман
Даусыңды бәсеңдетіп үлгірем.
Маған кідіріп дем аласың,
Мен емес пе бөліп тұрған ой арасын?!