Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

· Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажыратуды;
· дереккөздерден ақпарат табуды үйренемін.

7. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқып, қарамен
жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың?

Арнұр мұражайға келді.

Кесенеде үлкен Тайқазан бар.

Тайқазанның салмағы – екі тонна.

Әли әкесімен Отырарға келе жатыр.

Кітапханада өте үлкен кітап бар.

«Тәуелсіздік» ескерткішінің биіктігі – жиырма сегіз метр.

  Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.
  Жеке сөзден жасалған  сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды: 

 
  Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды: 

8. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Толағайдың торы ала аты бар.
Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.

Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызып көрсет.
Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

9. Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болатынын дәлелде.

  Әкең – Мұхаммед Құсайын мырзаның өз дегенінен қайтпайтын мінезі бар. Бала күнінен ата-баба тарихын құлағына құйып өсті. Олардың жүріп өткен жолдарына дейін жатқа білетін. Аталарының іс-әрекеттері ол үшін үлкен мәртебе. Солардың халқына еткен қызметін мақтаныш тұтатын. Аталарындай болу оның бала күннен бергі мақсаты еді. Мына заман оған мүмкіндік беріп пе?
  Мәулен есіне бірдеңе түскендей үнсіз қалды. Мұхаммед Хайдардың екі көзі ұстазында. Ол үшін одан асқан данышпан жоқ тәрізді.

«Шығыстың ұлылары».
Мұхаммед Хайдар Дулати

Ойыңды дәлелдеп үйрен.

Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат ізде.

10. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Талабы жоқ бала білімнен құр қалады. 2. Ол Құрманғазының «Айжан қызын» тарта жөнелді. 3. Мұғалім оған түсіндіре бастады. 4. Сәуленің әкесі ұзын бойлы адам екен. 5. Біздің мектепте сегіз жүз оқушы бар.
Сөйлем мүшелеріне талда. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі мүше екенін айт. Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған?

11. Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшелерін тауып жаз.

бәйгеде озып келдi.

Байжан

Дина

қыз екен.

шахмат үйiрмесiне жазылды.

Бақта

көп.

Күрделі мүшелер сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.
Күрделі мүшелер қай сөз табынан жасалған?

×
×

Корзина