Есік қорғанындағы «Алтын адам» бейнесі 1970 жылы табылды. Оны археолог К.А. Ақышев тапқан.
«Алтын адам» киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Баскиімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы – 70 см.
«Алтын адам» сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет қалыптасқанын дәлелдейді.