Адам еңбегі

Біз ата-анамыздың қайда еңбек ететінін, ол еңбекті қайдан үйренгенін білеміз.

1. Еңбек деген не?

2. Адамдар не үшін еңбек етеді?

    Еңбекші халықтың еңбектеніп жасаған заттарын адамдар күнделікті өмірде қолданады.

    Ауыл еңбеккерлері жеміс-жидек, бидай және арпа өсіреді. Енді біреулер тұз өндіреді. Зауыттағы адамдар ыдыс-аяқ жасайды. Сенің үйіңе жұмысшылар газбен су орнатады. Байқасаң, қанша адам еңбек етеді?

   Сенің дастарқаныңа түскі ас қалай келді? Анаң түскі тамақ әзірлеу үшін керек-жарақтарын базардан сатып әкеледі. Ол тағамдар қайдан келді? Оған қанша адам еңбек етті?

1. Адамдарға қажетті заттарды еңбек адамдары бірлесіп, қалай жасайды?

2. Төменде келтірілген мақалдың мағынасы нені білдіреді?

Еңбектің көзін тапқан,

байлықтың өзін табады.

1. Мына адамдарды қайдан кезіктіруге болады? Мамандықтардың еңбек түрлері жөнінде әңгімеле. Ойланып, жауап бер.

2. Қандай мамандық иелері біздің өмірімізді жақсарта алады? 

×
×

Корзина