•«Ата-ана», «ататек» сөздерінің жалпы ұғымы қандай?
«Ата-ана», «ататек» бір-біріне мағынасы жағынан өте жақын сөздер. Олар «ата» сөзінен тарайды.
«Ата» ұғымынан отбасы тарихының бірнеше тегі тарайды.
Оны ұрпақ дейді.
•Суреттерді қараңдар. Ағайынды Арман мен Дәурен өздерінің ататегін осылай таратады.
•Ағайындылар нешінші ұрпақты тарата алды?
Кез келген адамға өзінің ататегін біліп жүру өте қажет. Біз арғы ататегіміздің арқасында жарық дүниеге келдік. Біз олардың ұрпағымыз. Жас ұрпақ үлкендерден үйреніп, жақсы қасиеттерін бойларына сіңіре білулері керек.
•Сендер өз істеріңмен, білімдеріңмен ата-әжелеріңді, ата-аналарыңды қуанта аласыңдар. Ол қандай іс?
Өзіңнің ататегіңді біліп, оны ағаш бұтағына орналастыр. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» мақалының мағынасын түсіндіріп көр.
• Үлкендерден отбасы альбомындағы туғандарың жайлы сұра.
Отбасы альбомы әркімнің отбасылық тарихын сақтайды. Суреттер сенің аталарың мен әжелеріңнің ұрпақтарын баяндайды. Отбасы альбомына сен де мерекелік күндер мен демалыс күндерін қосып безендір.