Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстаудың белгілі бір ережелері сақталады. Оны – этикет немесе әдеп дейді.
Әдептің көп ережелерін сен күнделікті сақтап жүрсің.
Ол:
– қоғамдық көліктерде үлкен адамдарға орын беру;
– қарт адамдардың жолдан өтуіне көмектесу;
– бөлмеге үлкен адам кіргенде, орныңнан тұру.
Сыпайылықты сақтай білетін адам айналасына еш қиындық туғызбайды. Ондай адамның мәдениеті жоғары саналады.