СИММЕТРИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

   Кез келген ағаш жапырағына қара (үйеңкі, талшын, емен, қайыңның жапырағы). Олардың оң жағы мен сол жағы бірдей екеніне көңіл бөл. Жапырақты қақ ортасынан бүктесең, оның екі жағы тура беттеседі.

Табиғаттағы симметрия құбылысы байқала бермейді. Мысық және тағы басқа жануарлардың суреттеріне қарап, олардың симметриялы екенін дәлелде.

Симметриялы суретті қалай салуға болады? Оны монотипия тәсілімен жасаған оңай.

1. Қағаз парағының ортасынан жіңішке сызық жүргіз. Сызықтың сол жағына көбелектің қанатын суреттегідей етіп бояумен сал.
2. Қағазды сызықтың үстінен ақырын бүкте. Сурет ішінде қалсын. Қағаздың екі жағын беттестір де, үстінен қолыңмен басып тұр.

3. Қағазды аш. Сурет таңбасы пайда болды. Енді керекті бөлшектермен  толықтыр.
Симметриялы сурет жасай алдың ба?

   Симметриялы суретті қағаз бен қайшыны пайдаланып жасай аласың. Қағаз парағын екіге бүкте. Бүктелген тұсына жапырақтың жартысының суретін сал. Мысалы, үйеңкі жапырағын бейнелеуіңе болады. Жапырақты сызықтың бойымен қайшымен қиып ал. Енді ашып көр. Міне, сен үйеңкі жапырағын жасадың.

×
×

Корзина