СУРЕТТЕГІ ШТРИХТІҢ ӘСЕРЛІЛІГІ

   Жақсы суретші болу үшін табиғатты мұқият бақылап, оны бейнелей білу керек. Бұл жерде саған сызық, штрих және түс көмекке келеді.

1. Сызық туралы не білесің? Есіңе түсір.
2. Оның қандай түрлері бар?

Сызықтың сенімді көмекшісі – штрих. Штрих дегеніміз – қысқа сызықтар. Ол да сызық тәрізді әртүрлі болады.

   Штрихпен сары үрпек балапанды,тікенекті кірпіні, қылқан шөптерді, бұйра жүнді қойды және тағы да басқа көптеген қызықты заттарды бейнелеуге болады. Кішкене талпынсаң, әдемі сурет саласың!

×
×

Корзина