ИЛЛЮСТРАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

    Адам өмірде «жақсы» және «жаман» деген түсініктерді естиді.Бала кезіңде саған мейірімді және зұлым кейіпкерлері бар кітаптардыоқып берген болар?!

Жақсы және жаман әдеби кейіпкерлерді есіңе түсір. Оларды суретте.

   Балалар кітаптарында сурет көп болады. Олар кітаптағы мәтіннің мазмұнын, кейіпкерлердің мінезі мен бейнесін ашуға көмектеседі. Кітаптардағы мұндай суреттер иллюстрация (латынның «illustration» – «жарық» деген сөзі) немесе безендіру деп аталады. Өйткені суретші иллюстрация арқылы мәтінді түрлендіріп, толықтырады.

1. «Жақсылық пен жамандық» ертегісіндегі екі кейіпкердің иллюстрациясына қара. Оларды суретте.
2. Суретші кейіпкерлердің мінезін көрсету үшін қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?

     Суретші кітаптағы кейіпкерлердің көңіл-күйін көрсетіп, мінезін сипаттау үшін сызық, штрих, бояуларды пайдаланады. Бұл әдемі иллюстрациялар салуға көмектеседі.

       Палитрада жаман адамның, яғни зұлымның мінезін көрсету үшін бір түс үйлесімін шығар. Жақсы – мейірімді адамға екінші бір түсті шығар. Жақындарың мен достарыңнан түстер үйлесімі қандай кейіпкерлерге сәйкес келетінін табуды сұра. Егер олар дұрыс тапса, онда сен түс үйлесімін дәл берген боласың. Сызықтық композиция жасау арқылы тағы да қайталап сала аласың.

А. Сас. «Ежелгі Қазақстанның аңыздары» кітабына иллюстрациялар

       Қазақ халық ертегілері мен аңыздары туралы не білесің? Өзің білетін ертегі, аңыз кейіпкерлерін атап, оларды суретте. Қазақстандық суретші А. Састың «Ежелгі Қазақстанның аңыздары» кітабындағы иллюстрациялар туралы не айтасың? Суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?

×
×

Корзина