Біздің мектеп

Суреттер арқылы, сыныптар нешінші қабатта
орналасқанын зерттеп көріп үйренеміз.

1. Суреттерге қарап қайсысын мектепке жатқызуға болады? Өз таңдауыңды түсіндір.

2. Қандай суреттер оған жатпайды? Неге?

   «Мектеп» сөзі грек сөзінен алынған, «бос уақыт» деген ұғымды береді. Ежелгі гректер бос уақыттарында оқушылармен түрлі ғылым жайлы әңгіме-дүкен құрған. Содан кейін балалар оқу, жазу, есептеу және өлең оқу мен гимнастикамен шұғылдана бастаған.

      Мектеп – бұл ашық кең бөлмелері бар, оқытатын ұстаздары мен оқушылары бар білім ордасы. Біз сондай мектепке шолу жасап көрейік.

      Мектептегі негізгі адам – ол мұғалім. Ол білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге ізденуге де үйретеді.

  Спорт залы, кітапхана, асхана, дәрігерлер бөлмесінің қайда орналасқанын біл.

      Мектептегі негізгі адам – ол мұғалім. Ол білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге ізденуге де үйретеді.

 Мектепте тағы қандай маман иелері жұмыс істейді? Олар қандай істер атқарады?

Екінші сынып оқушыларының жауаптарын талдап көріңдер. 

Өзіңнің дұрыс деп санаған жауабыңды белгіле. Себебін түсіндір.

   Дәурен : «Мен мектепке анам мәжбүрлеген соң ғана барамын..Егер қолқа салмаса, бармас едім», – деді.

   Айжан : «Менің мектепке баратын себебім, үлкен болғым келеді. Мен мектепте болғанда өзімді үлкен сезінем. Ал мектепке дейін мен кішкене болғам», – деді.

   Сәуле : «Менің мектепке бару себебім, білім алуым керек. Білімсіз еш нәрсені де істеу мүмкін емес. Білім алған соң кім болатыныңды білесің», – деді.

   Ержан : «Менің мектепке бару себебім, маған білім алған ұнайды. Егер мектеп болмаған күнде де мен оқу оқитын едім», – деді.

   Риза : «Менің мектепке барғым келетіні мен онда үнемі «бестік» баға аламын», – деді.

   Серік : « Менің мектепке бару себебім, онда көп балалар бар. Сондықтан
онда көңілді, олар-
мен ойын ойнауға
да болады», – деді.

1. Сен қалай ойлайсың, адам не үшін білім алуы керек?

2. Мектептегі таныс бөлмелерді ата. Олардың қажет-тіліктерін түсіндіріп көр.

Мектептен қандай білім алып, тағы нені үйренгің келеді? 

Сыныптасыңмен өз армандарың жайлыой бөліс.

×
×

Корзина