Тест тапсырмаларының түрлері

  «Тест» – ағылшын сөзі, сынақ, байқау дегенді білдіреді. Ең алғаш тест тапсырмаларын ағылшын педагогі Дж. Филлер 1864 жылы қолданған.
  Қазақ тілінен дайындалатын тест тапсырмалары пән мазмұны мен мақсатына сәйкес жасалады. Зерттеу барысында тест тапсырмаларының төмендегідей түрлерімен танысайық.

  1. Баламалы (альтернативті) тест тапсырмалары: 

  Алақай, қандай, тамаша, жасасын сөздерінің барлығы лепті сөйлем құрауға қатыса ала ма? «Иә» не «жоқ» жауаптарының тиістісін таңда.

2. Толықтыру (еске түсіру) тест тапсырмалары:

  Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді тауып, оларды сызықшамен толықтыр.

Отан туған үйіміз,
Отан туған жеріміз.
Отан ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.

Ермек Өтетілеу

  3. Сәйкестендіру тест  тапсырмалары:

  Екі бағанда орналасқан жай сөйлем түрлері мен соларға сәйкес келетін сөйлемдерді сәйкестендір.

Жалаң

Жайылма

Біз табиғатты қорғаймыз.
Жарас қуанды.
Түлкі жортты.
Жауын ағыл-тегіл құйды.

4. Дұрыс жауабын таңдау тест тапсырмалары:

  1. Қыстырма сөзі бар сөйлемді белгіле.
а) Бұл демалыста кетпей-ақ қой.
ә) Айтпақшы, ертең театрда жақсы қойылым болады.
б) Ата, мен сені қатты сағындым.

  2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 2
ә) 3
б) 4

  3. Тұрлаусыз мүшесі бар сөйлемді тап.
а) Әсем – оқушы.
ә) Қонақтарға табақ тартылды.
б) Оқыған жөн.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне осындай бет құрастырып көр. Жұмысыңның нәтижесін сыныптастарыңның алдында қорға және бағала.

×
×

Корзина