КОМПОЗИЦИЯДАҒЫ ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚ (КОНТРАСТ)

   Суретші композицияны әсерлі көрсету үшін қарама-қарсылық заңын жиі қолданады. Ол көлемі, пішіні, түсі, нысандардың сипатына қарай байқалады. Сен «Қаңбақ шал мен Дәу» ертегісін оқыған боларсың? Осы ертегіге арқау болған иллюстрацияға қарашы. Суретші көлемнің қарама-қарсылығын бейнелеген. Ол Қаңбақ шалды шынашақтай етіп, ал Дәуді алып қылып көрсетеді.

Е. Сидоркин. «Қаңбақ шалмен Дәу» ертегісіне иллюстрация

Г. Ысмайылова. «Алпамыс» операсына жасаған киім нобайы

      Ал Г. Ысмайылованың мына жұмысында өзгеше қарама-қарсылық, яғни түстік қарама-қарсылық бар. Ақ көйлек киген қыз қара киімді, зор денелі батырдың жанында өте нәзік көрінеді.

1. Мына иллюстрация туралы не айтасың?
2. Суретші қандай қарама-қарсылықты пайдаланған?
3. Суретті әсерлі етіп тұрған не?

Суретшілер бейнелеу өнері шығармаларында мынадай қарама-қарсы қатынастарды пайдаланады:

Суретшілер бейнелеу өнері шығармаларында мынадай қарама-қарсы қатынастарды пайдаланады:

• түстік қатынастарда

1) жылы және суық түстер қатынасы;

2) ақ және қара түстер қатынасы (ашық және қою);

• өлшемдерінде

1) үлкен мен кішінің қатынасы;

2) биік пен аласаның қатынасы;

• пішіндерінде

1) жұмсақ және қатты пішіндердің қатынасы;

2) күрделі және қарапайым пішіндердің
қатынасы;

• қозғалыста

қозғалыс пен тыныштық қатынасы.

Тағы қандай қарама-қарсы қатынастарды атай аласың?

     Екі немесе одан да көп нысанның өлшемдері арасында айырмашылық неғұрлым көп болса, олар соғұрлым бір-біріне қарама-қарсы болып келеді, яғни олар бір-бірінің ерекшеліктерін айқындай түседі. Кішкентай зат үлкен заттың жанында өте кішірейіп, ал биік нәрсе аласаның қасында одан сайын биігірек, зұлым мейірімдінің жанында тіпті жауыз болып көрінеді.

×
×

Корзина