Сөз және оның мағынасы

· Мәтіннен синоним, антоним, омонимдерді табамын, сөз мағынасын ажыратамын.

  – Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер.
  Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп, танисыңдар.

1. Берілген сызба бойынша сөздердің мағынасы туралы ой қорытындысын жаса.

2. Берілген сөздерді сөз мағынасының түрлеріне жікте. Бұл сөздердің қай мамандыққа қатысы болуы мүмкін?

3. Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, 2-3 сөйлем құрастырып жаз.
Берілген сөздер сөз мағынасының қай түріне жатады?

Бір-біріңді өзара тексеріп, жіберілген қате түрлерін анықтаңдар.

4. Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжа. Содан соң болжамыңды мәтін мазмұнымен салыстыр.

Теңізші

  Теңізші мамандығы әр нәрсеге әуесқой, елгезек, ержүрек балаларды ерте замандардан бері қызықтырумен келеді.
  Теңізші мамандығы өте қиын да қатерлі болды. Аспан айналып жерге түскен ыстықта да, сақылдаған сары аязда да, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыда* да, аяғының асты көрінбейтін соқыр тұманда да, сұрапыл дауылдарда буырқанған таудай толқындар кемені көкке атып, қақпақыл ойнаған сәттерде де теңізші өз орнында, жұмыс үстінде болады. Сондықтан теңізшілер өжет, батыл, өз ісіне тиянақты болуы қажет.

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан

Мәтіннен синонимдерді тап.
Қарамен жазылған сөздердің антонимдерін тап.

5. Желкенді қайықтарды дұрыс орналастырсаң, теңізшілер ұнататын сөйлемді оқисың. Тауып көр.

6. Сыныпта «Ойлан, тап» ойыны ойнатылды. Мұғалім омоним сөздің бірінші мағынасына жұмбақты
өзі құрастырып айтса, оқушылар кезекпен келесі мағынасын ұйқаспен келтіре жалғастырып
жатты. Кезек саған да келді. Мұғалім «Мен бөрене тілер әйдікпін» деп жасырса, сен «ара» сөзінің
келесі мағынасына жұмбақты қалай жалғастырар едің?

×
×

Корзина