«Сынып өміріндегі заңдылықтар»
1. Құрметтеу заңы. Адамды сыйлай білу қасиетің жоғары болса, олар да сені сыйлайды.
2. Достық заңы. Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жалғыз орындау қиынға соғады. Ондай жағдайда
саған досың көмекке келе алады.
3. Батылдылық заңы. Батыл болу өзіңе деген сенімділіктен туады. Кедергілерге мойыма!
4. Сүйіспеншілік заңы. Сен айналаңдағыларға сүйіспеншілікпен қарай біл. Олар: сенің Отаның, ата-анаң, достарың.
Оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды.
5. Мейірімділік заңы. Мейірімділік – бұл күш. Үлкен күш иесі болғанға қорықпа, адамдарға мейірімділік сыйлай біл.
6. Қайырымдылық заңы. Сенің қасыңда көмек күтетін адамдар болуы мүмкін. Қайырымдылық жасай біл.
7. Еңбексүйгіштік заңы. Еңбексіз өнім өздігінен келмейді. Сондықтан еңбекті сүй.