Әр адамның өз кіші Отаны болады. Ол өзінің туып-өскен ауылы немесе қаласы.
•Досыңмен өз ауылың немесе қалаңның өмірі жайлы әңгімелес.
Мен ауылда тұрамын. Ауылым өзен жағасында орналасқан. Жаз айында өзенге суға түсіп, күнге қыздырынамын. Менің ата-аналарым жылқы, сиыр, қой асырайды. Ауылымызда фермер шаруашылығы да бар. Олар жер жыртып егін егіп, жеміс-жидек өсіреді. Оның өнімдерін қалаға жеткізеді.
Мен қалада туып-өстім. Мұнда әдемі биік үйлер, кең көрікті көшелері бар. Қалада оқу орындары, театрлар мен мұражайлар бар. Қаламызда еттен шұжық жасайтын зауыт, ыдыс, құрылыс заттарын шығаратын өнеркәсіптер бар. Сүтті, басқа тағамдарды дүкеннен сатып аламыз.
Кіші елді мекеннің табиғаты мен мәдениетін, тарихын өлкетану ғылымы зерттейді. Әр ауылда немесе қалада өз тарихын әйгілейтін мәдени орындар бар. Ол сол жердің тарихи, мәдени өмірін айғақтайды.
Туған жердің мәдени-тарихи естеліктері мұражайда сақталады. Бүгін біз сол мұражайға саяхат жасаймыз.
Қалаған бір тақырыпта экскурсия өткізуге дайындал.
Менің қаламды (ауыл) әйгілейтін мәдени орындар.
Менің қаламның (ауыл) атын шығарған адамдар.
Менің қаламның (ауыл) үлкен көшелері.
Қаламыздың (ауыл) тарихи атауы.
Өлкетанымдық мұражай – бұл қаланың тарихы жайлы материалдар, табиғат байлығы, мәдениеті, тарихи жәдігерлердің жинақталатын орны.
1. Өзің тұратын қалаң (ауылың) жайлы шағын әңгіме құрастыр.
2. Бір-екі шумақтан тұратын өз қалаң туралы өлең жол- дарын тауып оқы. Оның мағынасын түсіндір.
3. Өз қалаңның (ауылыңның) көркеюіне қандай үлес қосар едің?