Ұпайларыңды сана: «иә» жауабына – 2 ұпай, «кейде» жауабына – 1 ұпай, «жоқ» жауабына – 0 ұпай.
Егер 12-ден 14 ұпайға дейін жинасаң, сен болашақта эколог бола аласың. Жарайсың!
Егер 6-дан 11 ұпайға дейін жинасаң, сен табиғат үшін күрескер емес, тек оны қызықтаушысың.
Егер 6-дан төмен ұпай жинасаң, сен табиғаттың өз өміріңде қандай рөл атқаратыны туралы мүлдем ойланбайсың. Табиғатты сүюге және қорғауға ұмтылуың қажет.