Қандай көлік түрлері бар?

Біз көліктің түрлерімен танысамыз. Оның адамдарға қандай көмегі барын білеміз.

Балалар, суреттерге қараңдаршы. Нені байқадыңдар?

Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады? Оларды қандай түрлерге бөлуге болады?

Көлік – адамдар мен жүкті бір жерден екінші жерге тасымалдайды.

Көлік түрлерін адамдар қандай мақсатқа қолданады?

Ерте заманда адамдар ат арбамен жұмыс істеген. Түйеге мініп, елді аралаған. Өгізді жегіп соқамен жер жыртқан.

1. Суретте бейнеленген көлік түрлерін ата.

2. Парталас досыңмен тағы қандай көлік түрлері атал-мағанын анықта.

 Ертедегі және бүгінгі күннің көлік түрлерінің өзгеру себебі неде деп ойлайсың? Бүгінгі күні ертедегі көлік түрлері тұрмыста қолданыла ма? Мысалдар келтіріңдер.

  Қоғамдық көліктердің ішіндегі ең кең тарағаны – автобус.

Автобуспен жүріп-тұрудың тәртіп ережелері туралыәңгімеле.

Жадынамаларды пайдалан:

1) автобусқа қалай кіру керек;

2) автобуста өзіңді қалай ұстау керек;

3) автобустан қалай шығу керек.

1. «Кім көп көлік түрін атайды?» ойынын досыңмен ойна.

2. Автобустан басқа қандай көлік түріне отырдың?

Қазақстанда жаңа көлік түрінің құрылысы жүріп жатыр. Ол – метро.

 Метро қай қаладан ашылды? Оның аялдамалары қалай аталады? Сен метроға отырып көрдің бе? Оны қандай көлік түріне жатқызуға болады?

 Метро көлігінің адамдарға қандай қажеттілігі бар?

×
×

Корзина