«ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН, ЖАМАННАН ЖИРЕН» БҮКТЕМЕЛІ КІТАБЫН ЖАСАЙМЫЗ

     Өмірде қандай жағдайлар кездесетінін ойланып көр. Жақсы нәрселер туралы ойланғанда қандай сезімде боласың? Ал жаман нәрселер туралы ойланғанда ше?

      Қастек Баянбайдың «Жақсы мен жаман» өлеңін оқы. Ақын не туралы жазады? Оның жазғанымен келісесің бе? Ол тақпаққа өзің не қоса аласың?

    Алғашқы кітабыңды жаса. Оның парақтарына нені жақсы, неніжаман деп санайтыныңды бейнеле. Қарама-қарсы қатынастарды пайдалан.

Саған қайшы, ақ немесе түсті қағаз, сызғыш, фломастер, желім керек.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Өлшемі 10×80 cм түсті қағазды қиып ал.

2. Оны ұзынынан 10 см-ден бөліктерге бөл. Сонда өлшемі 10×10 см 8 шаршы шығады.

3. Қағазды белгіленген сызықтар бойынша бүкте.

4. Ақ қағаздардың біріне «жақсы» деген мағынаны білдіретін суреттерді сал.

5. Басқа қағаздарға жаман деп санайтын нәрселерді бейнеле.

6. Бүктелген түрлі түсті қағаздарға «жақсы» және «жаман» суреттерді кезектестіріп желімде. Кітап парақтарын біртіндеп толтыруыңа болады.

7. Суреттердің астына пікіріңді жаза аласың.

×
×

Корзина