Қазақстан Республикасының рәміздері

Біз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің маңызын білетін боламыз. Мемлекеттік рәміздерді қандай жағдайларда қолданатынын білеміз.

Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Гимн. Рәміздер – біздің елімізді дүние- жүзіне танытатын мемлекеттік бет-бейнесі.

      Біздің туымыздың түсі – көк. Ол Қазақстанның ашық аспан астында көптеген халықтардың тұратынын бейнелейді. Туған еліміздің татулығы мен бірлігін туында бейнеленген шаңырақ айғақтайды. Қазақстандағы көпұлтты халықтар осы бір шаңырақтың астында достастықта өмір сүруде. Әр адам өз елінің рәміздерін мақтан тұтады. Ол халықтың бойына күш-қуат, рух береді.

 Халықтың рухын көтеретін ән:

«Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді…» –

деген әнді естіген боларсың. Ол әннің авторы кім?

Ақорда. ҚР Президентінің резиденциясы
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі
Сенат комитетінің мәжіліс залы
ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимараты
Халықаралық форумға қатысушылардың Туы
Облыстық әкімдік ғимаратындағы ҚР-ның Туы мен Елтаңбасы
Гроссмейстер Әбдімәлік Жансая Мемлекеттік Туымен
Қазақстан жастарының Гимнді орындауы

 Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Туын, Елтаңбасын, Гимнін қай уақыттарда қолданатынын досыңа айтып бер.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символын» қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Заңында жазылған.

1. Сөйлемді аяқта: «Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы дүние жүзіне ».

2. Өз еліңнің Гимнін естіген кезде қандай сезімде боласың?

Елтаңбаның тек мемлекетті ғана емес, қаланы да айшық-тайтын елтаңбасы болады. Өз қалаңның елтаңбасы қандай? Зерттеп көр. Не себепті олай жасалғанын айт. Оны білу үшін түрлі ақпарат көздерін (интернет желісін, кітапхана, үлкендерден сұрап) пайдалана аласың.

×
×

Корзина