Мемлекеттік мерекелер

Қазақстанда қандай мемлекеттік мерекелердің барын, оның өзіндік маңызын білетін боламыз.

 Қазақстанда мемлекеттік мерекелер өте көп. Соның бірі – Наурыз мерекесі.

 Наурыз – бұл көктем мерекесі, жаңа жылдың басы.

Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.

          Ерте заманда Наурыз мерекесіне қарсы үй шаруашылығын, маңайды тазалап ретке келтіретін. Мереке күні сәнді ұлттық киімдер киген. Әр үйде дастарқан жайылып, наурызкөже дайындалған. Бұл тағамды әр отбасы жаңа жылдың құт берекесі, молшылық пен ырыстың молаюына ниеттеп жасайды. Дастарқанға ақсақалдар бата береді.

Сенің отбасыңда қандай баталы тілектер айтылады? Оны кім айтады?

         Жастар алтыбақан маңына жиылады. Барлығы ән салып, ұлттық ойындарға қатысады. Жігіттер күш сынасып, ат жарысында шеберліктерін көрсетеді. Ақындардың айтысы тамашаланады. Бұл қазақ халқының ұлттық дәстүрі.

Сен наурызкөже дайындауды анаңнан үйренесің. Бұл тағамға қосатындарды бірге таңдасасың. Сен ол тағамдарды атап бере аласың ба?

Әр жиында батаны қадірлі адамдар беретін болған. Есіңе түсіріп көр, саған ата-анаң, ата-әжең қандай тілектер айтты? Өз ойыңды парталасыңмен бөліс.

1. Саған шет елден қонақтар келді. Олар бұл ұлттық мереке жайлы білгілері келгенін айтты. Сурет салып, Наурыз мерекесінің көңілді тойланатынын жеткізу үшін әңгіме құрастыр.

2. Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесің? Олар жайлы әңгімеле.

×
×

Корзина