Ана тілі – ардағым

Сөздерді оқы.
Қазақ тілі, ана тілім, білу, құрметтеу, қастерлеу, парыз, таза, сөйлеу, мәдениеттілік, белгісі, мәдени мұра.

1. Бұл сөздерді қандай тақырыпқа біріктіруге болады? Тағы қандай сөздерді қоса аласың?

2. Әр сөзді оқу барысында қандай күйде болдың? Қай сөз қуаныш сезімін тудырды?

3. Әрбір сөз қай сөз табына жатады? Қай сөзге антоним, синоним таба аласың?
Осы сөздердің ішінде түбірлес сөздер бар ма?

4. Тіл туралы өлең үзінділерін оқы. Саған қай сөз немесе тіркес ерекше ұнады?

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,
Туған тілім – анам тілі – өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім,
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Дихан Әбілев

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Әбділда Тәжібаев​

 

5. Қазақ тіліне қатысты сөздердің сөздігін құрастыр.

6. Тіл, сөз өнері туралы айтылған мақал-мәтел мен өлең шумақтарын жина.

7. Жоғарыдағы тірек сөздерді, жинаған мақал-мәтелдерің мен өлең шумақтарын
пайдаланып, «Ана тілім – ардағым» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Құрастырған әңгімеңді сыныптастарыңның алдында қорға және бағала.

×
×

Корзина