Ежелгі қалалар

Біз ежелгі қалалардың қалай аталғанын картадан табамыз. Оның тұрғындары немен айналысқанын білеміз.

 Ертеде Қазақстан жерінен Ұлы Жібек  жолы өткен. Сауда керуендері жібек мата,  түрлі тауарлар тасымалдады. Оның бойында әдемі қалалар Отырар, Сығанақ, Құлан бой көтерді.

 

Не себепті ірі қалалар Жібек жолы өтетін жолдарда пайда болған? Оларды картадан тап.

        Қалалардың сырты үлкен дуалдармен қоршалды.  Қала тұрғындары жауларынан қорғануы үшін мықты  дуалдар соқты. Қалаға тек дуалдың үлкен қақпасы  арқылы ғана кіретін болды. Біз Ұлы Жібек жолымен ежелгі Отырар қаласына  саяхаттайық. Үлкен қақпадан қалаға ендік. Оның тар көшелері арқылы жүрдік.

 

       Қаланың өз билеушісі бар қамал соғылған. Жанында белгілі адамдардың үйлері орналасқан.  Шет жақтарында саудагерлер мен шеберлер тұрды.  Шеберлер мен ұсталар қыштан, темірден ыдыстар,  әшекейлер соқты. Шеберхананың маңында шығыс базары орналасты. Біз сол базарда тұрмыз.

1. Суретте не бейнеленген? Базарда саудагерлер нені саудалап жатыр?

2. Олар қандай көлік түрін пайдаланған? 60-беттегі картаны пайдалана отырып ойыңды қорытындыла.

  Ертеде арабтар Отырар қаласын – Фараб деп атаған. Ол «сәулетті», «ұлы» деген мағынаны  білдірген.

1. Ежелгі қалаларға экскурсия жаса. Қаланың келбеті  қандай? Онда кімдер тұрды? Шеберлер қандай дүниелер  жасады?

2. Егер ежелгі қаланың тұрғыны заманауи қалада қалса,  оны нелер таңғалдырған болар еді?

 
×
×

Корзина