Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?

– «катаклизм» ұғымы мен табиғаттағы катаклизмнен болатын апаттар туралы білетін боласың.
– ауа райы мен климаттық жағдайлар адам өміріне қалай әсер ететінін анықтайсың;
– қауіпті табиғат құбылыстары кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін құруды үйренесің.

  Суреттерге қара. Мына табиғат құбылыстары саған таныс па? Олар жайлы не естідің? Телеарнадан қандай табиғи катаклизмдерді көрдің?

найзағай

жер сілкінісі

су тасқыны

  Саған табиғат құбылыстарының қандай қауіпті түрлері таныс?

  Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық жағдайға тәуелді. Кей жағдайда табиғаттағы катаклизмнен болатын апаттар да адам өміріне қауіп төндіреді.

  «Катаклизм» сөзіне анықтама бер. Сөздіктерді, анықтамалықтарды пайдалан.  Сыныптастарыңның анықтамаларымен салыстыр.

  Кестеге қарап, катаклизмдерді қалай жіктеуге болады? Біздің еліміздің табиғат жағдайында қандай катаклизмдер болуы мүмкін?

  Катаклизмдер күшінің жойқындығы сондай, ол адамдардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Құрылыстар қирап, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуы да ықтимал.

  Табиғат құбылыстарының адам өміріне қалай әсер ететінін сыныптастарыңнан сұра. Ой бөліс.
  Табиғаттағы қандай құбылыстар жойқын апаттарға алып келеді?
  Сұраққа қатысты қосымша мәліметтерді тағы кімнен, қайдан алуға болады? Сабаққа қорытынды жаса.

  Өз жеріңдегі ауа райына бақылау жаса. Одан келетін қауіп қатердің қандай белгілері бар? Өзің тұратын жерде қандай табиғи катаклизмдер болуы мүмкін? Оның қандай түрлері саған таныс?

ЕСІҢДЕ САҚТА!

Табиғи апат кезіндегі ең басты қағида – сабырлы болу, жылдам әрі сенімді қимылдау, дүрбелең салмау. Табиғи апат кезінде үйде болсаң, тұрмыстық құралдарды электр желісінен ажырат, газ және су келетін крандарды жап. Сақтық ережелеріне сай
әрекет жаса.

×
×

Корзина