Ежелгі адамдардың өндірістік шаруашылыққа өтуі

Біз шаруашылық дегеннің не екенін білеміз. Өңдейтін және өндіретін шаруашылықты анықтауды үйренеміз.

«Өндіру» және «иелік ету» деген сөздің айырмашылығын анықтап көрейік. 

Ежелгі адамдар өмір сүру үшін табиғаттың дайын дүниелеріне ие болды.  

Суреттерге қара. Ежелгі адамдар немен айналысып жатыр? Оны қандай еңбек түріне жатқызуға болады?

        Жеуге жарамды өсімдіктерді кез келген жерден кездестіру мүмкін болмады. Адамдардың өмір сүруіне қиындық туындады. 

            Әйелдер терімшілікпен айналыса жүріп, жерге  түскен дәннің өсіп-жетілетінін байқаған. Оларды кесіп қысқартқан кезде, мол астық алуға болатынын  білген. Осылайша егін шаруашылығы пайда болды.  

Кетпен
Қолорақ

Егіншілердің еңбек құралдарын қара. Қалай ойлайсың, олар неге арналған?

        Аң аулағанда аңшылар үнемі олжамен орала бермейтін. Адамдар аштықты да бастарынан өткерді. Аңшылықтан малшаруашылығы дамыды. Ер адамдар аңшылықтан кішкентай құлын, бұзау, лақтарды әкелді. Оларды өсіріп, қолға үйретті. Осындай жолмен қой, ешкі, сиыр адамдарға үйрене бастады. Адамдардың тұрмыс тіршілігі жақсарды.

  Адамдар егін егіп, мал өсіріп, одан түрлі өнімдер алды. Бұл біртіндеп өндірістік шаруашылыққа айналды.

Қазіргі күні аңшылық пен терімшілік сақталған ба? Мысалдар келтіріп, досыңмен ой бөліс.

Шағын әңгіме құрастыр.

1. Егіншілік шаруашылығы қалай пайда болды?

2. Адамдар малшаруашылығымен қалай айналыса бастады?

×
×

Корзина