Менің көңіл күйім

Адамдардың көңіл күйі жақсы, нашар , көтеріңкі болады.  Сенің көңіл күйің қандай болады ?

В. ВАН ГОГ.

Дәрігер Гашенің портреті

                         Балалар жұмысы

1. Мына портреттердегі адамдарды суретте.
2. Олардың көңіл күйін анықта.
3. Адамның көңіл күйін қалай байқайсың?

ТҮС ЖӘНЕ КӨҢІЛ КҮЙ

Түс адамның көңіл күйін білдіре алады.

Бірнеше түстің үйлесімі түстік гамма деп аталады.

1. Әрбір шеңбердің көңіл күйін анықта .
2. Сен қандай түстер үйлесімін көңілді деп атайсың? Ал мұңды, ашулы деп ше?
3. Сенің күнделікті көңіл күйіңе қандай түстік гамма сәйкес келеді?

Түс көңіл күйді білдіре алатынына көзіңді жеткіз.  Қағаз парағына түс арқылы көңіл күйіңді бейнеле. Суретті ата-анаңа көрсет.  Түс арқылы нені бейнелегеніңді түсіндір. Ата-анаң қандай көңіл күйді
бейнелегеніңді ажырата ала ма ?

Г. Ысмайылова. Қазақ вальсі

                         Г. Ысмайылова. Ақтоқты

1. Картиналарға мұқият қара . Олардың көңіл күйі қандай? Суретте.
2. Түс көңіл күйді аңғаруға көмектесті ме? Жауабыңды түсіндір.
3. Суретші пайдаланған түстерді ата .

СЫЗЫҚ ЖӘНЕ КӨҢІЛ КҮЙ

 Сызықта түс тәрізді адамның көңіл күйін білдіреді. Сызықты қарындаш, фломастер, бор, бояумен салуға болады.

1. Мына сызықтар қандай көңіл күйді білдіреді? Олардың қайсысын байсалды әрі нәзік деп айтуға болады?
2. Қайсысы өкпелі әрі ашулы ? Ал қайсысы көңілді әрі шапшаң?

 Сызықтардан композиция жасауға болады. Мұндай композициялар адамның мінезі мен көңіл күйін дәл көрсетеді. Төмендегі композициялар туралы не айтасың ?

1. Мына адамдардың көңіл күйін анықта .
2. Бұл суреттердегі ең басты әсерлегіш құрал не?
3. Суретші адамдардың көңіл күйін сызықтар арқылы көрсете алған ба?

Сызықтар сөйлей алатынына көз жеткіз. Ол үшін көңіл күйің күні бойы қалай өзгергенін есіңе түсір.Оны сызықтар ар қылы бейнеле. Үйде жақындарыңнан сенің көңіл күйің қандай болғанын сызықтарға қарап табуды сұра .

№1 жұмыс дәптерінің 4-бетіндегі тапсырманы орында.

КӨҢІЛ КҮЙ ЖӘНЕ МИМИКА

    Бір адамның өзі әртүрлі бола алады. Сенбейсің бе? Қарашы! Адамның бет әлпеті оның мимикасына қарай өзгереді. Мимика – бет әлпеттің өзгеруі. Адамның бетәлпеті оның көңіл күйіне қарай құбылады.

Адам жымиып, күлгенде ерні біраз созылады. Көңілді адамдар туралы «екі езуі екі құлағына жетеді» деп тегін айтпайды. Көзі сығырайып, қасы ақырын керіледі.

Адамның көңіл күйі болмаса, екі езуі төмен түсіп, қасы жоғары көтеріледі. Мұндайды «қабағы қарс түйілген» деп айтады.

Адам ашуланғанда ернін жымқырады. Қабағы түйіліп, қасының екі ортасында терең сызық пайда болады. Көздері шатынап кетеді.

Мына адам ның көңіл күйін қалай сипаттар едің? Оның мимикасын суретте.

1. Балалардың фотосуретіне қара .
2. Олардың көңіл күйі мен мимикасын сипатта . 

Өзіңді үш түрлі күйде суретке түсір. Олар : көңілді, байсалды, үшіншісін өзің таңда         (таңғалған, мұңды немесе ашулы ). Фотосуреттерді сыныпқа әкеліп, оларды достарыңмен талқыла . Сенің көңіл күйің бет әлпетіңе әсер етті ме? Өзіңе қай кезде көбірек ұнайсың?

№1 жұмыс дәптерінің 5-бетіндегі тапсырманы орында.

×
×

Корзина