Менің табиғи ортадағы қауіпсіздігім

– «табиғи орта» ұғымы туралы және табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер болатынын білесің.
– табиғи ортада болатын түрлі қауіп-қатерлерді анықтайсың;
– табиғи ортада өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз етуді үйренесің.

  Қандай жерді табиғи орта деп атауға болатынын ойланып көр. Мысалдар келтір.

  Адам өмірі үнемі табиғатпен байланысты болады. Адамды қоршап тұрған табиғат жағдайларын, жанды және жансыз табиғаттың алуан түрлі формаларының жиынтығын табиғи орта деп атайды. Табиғи ортада адамға төнетін қауіп-қатерлер де болады.

  Өткен сабақтарда сендер табиғаттағы катаклизмдер жайлы білдіңдер. Табиғи ортада адамға тағы қандай қауіп-қатер төнуі мүмкін?

  Табиғатта өсімдіктерден, жануарлардан, табиғи құбылыстардан келетін қауіптерге мысалдар келтір.

шыбынжұт

кене

дала өрті

  Сыныптасыңмен саңырауқұлақ, кене және дала өртінің қаупі туралы талқылаңдар.

Табиғаттағы қауіп-қатерлер

• Адам денесінің бұтақ, тікенекті өсімдіктер, үшкір тас, шыны және т.б. заттардан жарақаттануы;
• Улы жануарлар мен жәндіктердің шағуы (жылан, өрмекші, сарышаян, маса және т.б.);
• Биіктіктен құлау;
• Улы өсімдіктермен улану;
• Суқоймалар мен өзендерде суға кету;
• Найзағайдың түсуінен зардап шегу.

  Адам табиғи ортада қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз етуді алдын ала жоспарлауға болады.

  Адам не себепті қауіптің алдын алуды жоспарлайды?
  Табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Табиғат аясында оқушылар мына жағдайларды білуі қажет:

• табиғатқа саяхат жасау үшін қолайлы аяқкиім және жәндіктердің, әсіресе кенелердің шағуынан қорғану үшін ашық түсті жабық киім мен баскиім кию керек;
• өрт кезінде жалынның шарпуынан, түтіннен, өрт шалған ағаштардың құлауынан, жердің ойылуынан сақтану қажет;
• бұтақтан, тікенекті өсімдіктерден, үшкір тастан, шынының сынығынан жарақат алудан; улы жануарлар мен жәндіктер (жылан, бүйі, сарышаян т.б.) шаққан кезде, биіктіктен құлау, күйік шалу жағдайларында алғашқы көмек көрсету әдістерін білу керек.

×
×

Корзина