АДАМДАРДЫҢ ЕЖЕЛГІ БАСПАНАСЫ

    Ертедегі адамдар үңгірлерді паналаған. Кейінірек өздеріне баспана тұрғыза бастады. Олар баспанасының әдемілігіне аса көңіл бөлмеген. Ең бастысы, ол адамды сыртқы жаулар мен табиғат апат-тарынан қорғауы керек еді. Баспаналары ұқсас болғандықтан, бір- бірінен ерекшеленбеген. Олар бұтақтардан, қамыстан, аң терісі мен сүйектерден, саз кірпіштен тұрғызылды.

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

      Егер сенің үйіңде «Лего» мен текшелер болса, екі үй тұрғыз. Бірін текшелерден, екіншісін «Легодан» жаса. Енді қолыңмен ақырын итер. Олардың қайсысы құлады? Құрылыстардың қандай болу керектігіне қорытынды жаса.

КИІЗ ҮЙ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ БАСПАНАСЫ

      Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үй. Халқымыз киіз үйге деген құрметін бүгінгі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Киіз үйдің құрылысы қарапайым. Ол кереге, уық, шаңырақтан тұрады. Олар қайың, талдан жасалады. Алдымен ағаштарды өңдеуден өткізеді. Киіз үйді тіккен соң, оның керегесіне тоқылған ши ұсталады. Киіз үйдің сыртына киіз жабылады.Қазақ халқы үшін киіз үй ыңғайлы баспана ғана емес, сондай-ақ ұлттық жәдігерлеріміздің бірі. Киіз үй құру дәстүрі тамырын тереңге жайған. Киіз үйдің есігін шығысқа қаратып құрады.Халқымыз киіз үйдің алғашқы қонағы Күн болуы тиіс деп сенген.

×
×

Корзина