ЕЖЕЛГІ БАСПАНА ТҮРІН ЖАСАЙМЫЗ

      Бала кезде балалардың бәрі үндістерді ойнағанды жақсы көреді. Сен көшпелі үндістердің ежелгі баспаналары қандай болғанын білесің бе? Оны ұзын таяқтардан жасап, бизон немесе бұғының терісімен қаптаған. Егер сен үндістер ойынын ойнағың келсе, осы баспана түрін өз бетіңше жасай аласың. Алдымен кішірейтілген үлгісін жасап үйрен. Саған ұзындығы бірдей бес жіңішке таяқша (20 см), жіңішке резеңке, ермексаз,түрлі түсті фломастерлер, өлшемі 25×25 см cқалың мата қиындысы, қайшы, степлер немесе кішкене түйреуіштер керек.

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

      Егер сенің үйіңде «Лего» мен текшелер болса, екі үй тұрғыз. Бірін текшелерден, екіншісін «Легодан» жаса. Енді қолыңмен ақырын итер. Олардың қайсысы құлады? Құрылыстардың қандай болу керектігіне қорытынды жаса.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Таяқшалардың жоғары жағынан 3–4 см өлшеп, резеңкемен буып қой. Оны конус пішіні шығатындай етіп орналастыр.Баспана құрылымы нық тұру үшін ішкі жағынан ермексаз жапсыр.

2. Матаны суретте көрсетілгендей етіп бүктеп, қиып ал.

3. Әдемі өрнек ойлап тауып, онымен матаны әшекейле.

4. Құрылымды матамен орап, степлер немесе қысқышпен бекіт. Баспана үлгісі дайын!

Бұл баспананың пішіні қандай? Киіз үйдің, күркенің және кәдімгі үйдің пішінін сипатта.

×
×

Корзина