Біз – әрқашан біргеміз!

– өзін-өзі басқарудың не екенін білетін боласың.
– сыныпта өзін-өзі басқару ережесін құруды, ұжымдық шешім қабылдай білуді үйренесің.

  Ұжым деген не? Сыныпты ұжым деп атауға бола ма? Отбасыңды ше?

  Ұжым үлкен күшке ие. Бірнеше адам бірлесіп, жалғыз адамның шамасы келмейтін жұмысты атқара алады. Бірлесе білім алу да жеңіл. Сенің сыныбың да сол ұжымдардың бірі. Сен осы ұжыммен үшінші жыл бірге оқып жатырсың. Сыныпта достарың да көп. Оларды сен жақсы танып білдің.

  Сыныптастарыңмен бірге қандай ортақ мақсат құрасыңдар? Ол мақсатты құруға кім белсенді атсалысады?
  Суреттерге қара. Қандай ортақ істер бейнелеген?

  Сен және сыныптастарың бірге оқып қана қоймайсыңдар, үзілістерде, сабақтан соң, бірге демаласыңдар, мерекелік іс-шараларды бірге дайындап өткізесіңдер.

  Сыныпты басқару деген не? Сыныпта тағы қандай іс-әрекеттерді бірге атқарасыңдар?

  Сыныптағы кез келген мәселені өз күштеріңмен шешуге болады. Ол үшін өзін-өзі басқару ережесін қолдану қажет.
  Өзін-өзі басқару – атқаратын ісін өз еркімен жүргізу.
  Сыныпты басқару, маңызды шешімдер қабылдау ұжыммен бірлесе атқарылады. Мысалы, сыныпта аталып өтетін мерекелерді жүргізу іс-шараларын оқушылар бірлесе атқаруы керек. Сонда мерекелер қызық өтеді. Ұжымдық шешім мерекелік шараларға ғана емес, басқа да маңызды іске байланысты бірлесе қабылдануы керек.

  Сыныптағы іс-шараларды қалай ұйымдастыруға болады?
  Сенің ойыңша, өзін-өзі басқарудың мағынасы қандай?

Суреттерге қара. Сыныптастар мен отбасы мүшелері қандай ұжымдық шешімдер қабылдады?

  Кез келген ұжымда бір мәселеге байланысты әр алуан пікірлер болады. Кей жағдайда сыныптастар арасында дау да туындайды. Осыны болдырмау үшін өзін-өзі басқарудың ережесін білу керек.

  Сыныптастарыңмен бірлесе отырып, көпшілікке ортақ өзін-өзі басқару ережесін құрыңдар.

×
×

Корзина