ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ

    Алматы ұзақ уақыт еліміздің бас қаласы болды. Оның сәулет құрылысы басқа қалаларға қарағанда қарқынды дамыды. Әсем қала Алматы да өзінің заманға сай ғимараттарымен мақтана алады. Алматыдағы піскен бидай масағына ұқсайтын «Қазақстан» қонақүйі – қалаға көрік берген құрылыстардың бірі.

    1998 жылы Қазақстанның елордасы Астанаға көшірілді. Тәуелсіздік алаңында орналасқан «Бәйтерек» – қазақ халқының қайта өрлеуінің, мемлекеттіліктің белгісі іспетті.

    «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр түрінде салынған.Ол дүниежүзіндегі ең үздік он экоғимараттың қатарына кіреді.

         Астанада жыл сайын тек еліміздің сәулетшілері ғана емес, сондай-ақ Жапонияның, Ұлыбританияның, Италияның әйгілі сәулетшілері жобасын жасаған жаңа ғимараттар бой көтереді.

Ғаламтордан экоғимараттар туралы мәліметтерді тауып, достарыңмен бөліс.

×
×

Корзина