ҒИМАРАТ ҮЛГІЛЕРІН ОЙЛАП ТАУЫП,СУРЕТІН САЛЫП ҮЙРЕНЕМІЗ

     Үйдің суретін салудан оңай нәрсе жоқ сияқты. Төртбұрыш, төбесінде шатыр, терезелер – үй дайын. Алайда мұндай үйді өнер туындысы деп атауға болама? Мұндай үй қаланың сәнін кіргізе ме? Әрине, жоқ! Тіпті оны бояп, барынша құлпыртсаң да өзгере қоймайды.

    Үйді өнер туындысына айналдыруға бола ма? Кәне, мына ғимараттардың кейбір ерекшеліктеріне назар аударайықшы. Ғимараттарға мұнаралар, түрлі пішінді қашап жасалған балкондар, баған, баспалдақ, әсем шатырлар сән береді. Бұл саған үйдің айрықша үлгісін ойлап табуға көмектеседі.

     Әйгілі австриялық сәулетші Ф. Хундертвассер пішіні мен түсі ерекше ғимараттар салған. Өзін сиқыршы деп санағанын қалаған ол әлемнің түрлі қалаларында ертегі құрылыстарын тұрғызған.

     Ұлы сәулетші Антони Гауди өзінің сәулет өнері жауһарларын Испанияда өмірге әкелді. Ол атақты Бальо сарайын жұпыны ғана үйден жасаған. Енді Барселона қаласына әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ағылып, теңдессіз шебердің ғимараттарын тамашалауға келеді.

       Сен де қарапайым үйді өнер туындысына айналдырып көр. Үйге мұқият қарап шығып, оны өзгертуге кіріс. Одан соң үйіңді біртіндеп әшекейлейсің.

     Үйді түрлендіру үшін пішіні ерекше шатыр, мұнара, балкон және тереземен толықтыруға болады. Үйді әдемі түстермен боя. Сонда ол адам танымастай өзгеріп, сенің еңбекқорлығың мен қиялыңның, батылдығыңның арқасында тамаша сарайға, ғажайып үйге айналады.

1. Сен тұратын қалада ғимараттар көп пе? Оларды ата.
2. Одан да көбірек болғанын қалайсың ба?
3. Сәулетші болғың келе ме? Толық жауап бер.

БАЛАЛАР САЛҒАН СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

     Сен әдемі ғимараттарды сала аласың. Енді қаланы бейнеле. Ежелгі қаланы немесе болашақтың қаласын не өзің тұратын қаланы сал. Тіпті өзің армандайтын қаланы да қағаз бетіне түсіруіңе болады. Мүмкін ертегі қаласын саларсың! Қарашы, балалар алуан түрлі қалаларды осылай бейнелеген.

    Қаланы бояулармен, фломастер не түсті қарындаштармен салып, аппликация жасауыңа болады. Ермексаздан да қала тұрғыза аласың. Жай қарындашпен де сурет салып көр. Оның әдемілігібасқалардан кем болмайды! Қаланың көлемді үлгісін жасау да қызықты жұмыс.

×
×

Корзина