СӘУЛЕТ ЖОБАСЫН ҰЖЫМ БОЛЫП ЖАСАЙМЫЗ

    Қандай көлемді пішіндерді білетініңді есіңе түсір. Оларды ата. Қағаздың қасиеттерін есіңе түсір. Саған қайшы, жұқа қатырма қағаз немесе түсті қатты қағаз, желім, фломастерлер керек. Сондай-ақ сусынның, сүттің қорабы қажет.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Түсті қағаздан тік төртбұрыш қиып ал. Оның өлшемі 15–20 см болғаны дұрыс. Тік төртбұрыштың ұзындығын анықтау үшін 20 см-ден артық, 5-ке бөлінетін санды таңдаймыз. Жиегін желімдеуге 1 см артық аламыз.
2. Қағазды сызықтары бойынша бүкте де, желімде. Сонда мынадай пішін шығады.
3. Үйді жасау үшін қызықты бөліктер ойлап тап. Олар: терезе, есік, кіреберіс, шатыр. Оларды түсті қағазға салып, қиып ал да, негізгі пішінге желімде. Сонда әдемі үй жасайсың. Үйді сусын мен сүттен босаған қораптардан жасап, гуашьпен бояуыңа болады.

Терезе, есік, баспалдақ пішіні

Шатырдың негізі

Шатырдың әшекейі

Дайын үй

Басқа да қызықты бөліктерді ойлап табуыңа болады. Мына үйлердің бөліктеріне қарап, олардың қалай жасалғанын ойлан.

СӘУЛЕТ КЕШЕНІНЕ ҒИМАРАТТАРДЫ ЖИНАЙМЫЗ

1. Қалай ойлайсың, алғашқы адамдар баспана тұрғызатын материалдарды қалай таңдаған? Жауабыңды түсіндір.
2. Дала және орман тұрғындары баспаналарын қандай материалдардан тұрғызған?

      Егер сенің үйіңде «Лего» мен текшелер болса, екі үй тұрғыз. Бірін текшелерден, екіншісін «Легодан» жаса. Енді қолыңмен ақырын итер. Олардың қайсысы құлады? Құрылыстардың қандай болу керектігіне қорытынды жаса.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

     Үйлердің бәрі дайын болғанда 6–8 адамнан топқа бөлініңдер. Ғимараттарды қалай біріктіруге болатынын талқылаңдар. Өлшемімен түсі сәйкес келетін қатырма қағаз таңдаңдар. Оның үстіне үйлерді орналастырыңдар. Одан да әдемі болу үшін тағы не қосуға болатынын ойланыңдар.

×
×

Корзина