Мен, сен, ол, олар – барлығымыз бір отбасымыз!

– отбасы мүшелерінің туысқандық байланысын білетін боласың.
– отбасы мүшелері арасындағы сыйластықтың маңызын талқылайсың.

  Кімдерді туысқандар деп атайды? «Туыс» деген ұғымды қалай түсінесің?

  Адам отбасында туыстарының ортасында өмір сүреді. Әрбір туысқанның жақындығына қарай туыстық дәрежесінің өзіндік атауы бар.

  Суреттерге қара. Бұл адамдардың арасындағы туысқандық байланыс туралы өз болжамыңды айт. Өз жауабыңды сыныптастарыңның жауабымен салыстыр. Суреттегі отбасы жайлы әңгіме құра.

  Тағы қандай туысқандық байланысты анықтайтын атауларды білесің? Үйдегі ең құрметті орынға кім отырады? Неліктен?

  Кез келген халықта әрбір ағайынға қатысты өзіндік туыстық атаулар бар. Ол отбасындағы және әулеттегі отбасы мүшесінің орнына, жасына байланысты аталады.

  Әкең мен анаң кімді қызым дейді? Ал кімді ұлым дейді? Кім кімге аға мен іні немесе әпкесі мен қарындасы, сіңлісі болады? Кімдерді ата мен әже дейді? Кім кімге немере болады?

  Сен де отбасының бір мүшесісің, сені әкең мен анаң қалай атайды? Туған ағаң мен әпкең, інің мен қарындастарыңды ше? Әкеңнің немесе анаңның ата-анасына және туыстарына сен кімсің? Сен әкеңнің және анаңның ата-аналарын қалай атайсың?

  Ұл мен қыз ата-аналарын қалай атайды? Бірдей ме әлде әртүрлі атай ма? Немерелер әкесі мен анасының ата-аналарын қалай атайды?

  Адамдардың бір-бірімен туысқандық байланысы туралы не білесіңдер? Суретті пайдаланып, жауап беріңдер.

×
×

Корзина