БЕЛГІ СИМВОЛДАРЫ

          Кейде суретшіге өз ойын белгі-нышанмен білдіру қызығырақ көрінуі мүмкін. Сен қандай да бір түсінік пен құбылысты білдіретін шартты белгі символ деп аталатынын білесің. Адамдар ерте кезден бастап көптеген символ ойлап тапқан. Олардың мәнінің ортақтығы соншалықты, тіпті әр тілде сөйлейтін адамдар тез-ақ түсінеді. Мысалы, ағаш тіршілік пен өмірді білдіреді. Ол түркі халықтарында ата-баба шежіресінің символы болып есептеледі. Құс – аспанның, балық – судың, жүрек – сезімнің белгісі. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің бәрінің терең мағынасы бар.

1. Қазақ ою-өрнектерінің атауын есіңе түсір. Олар неге ұқсайды?
2. Қалай ойлайсың, олар нені білдіруі мүмкін?

      Әдетте символдық суреттің жеке ерекшеліктері болмайды. Ежелгі адамдардың жартастарға салған суреттерінің барлығы символдық бейнелерден тұрады. Бұл суреттерден қандай адамдар мен жануарлар бейнеленгенін байқау қиын,алайда біз суретшінің аң аулау көрінісін салғанын түсінеміз.

1. Еліміздің Елтаңбасы мен Туы туралы айтып бер.
2. Онда қандай символдар бар және олар нені білдіреді?

×
×

Корзина