Спорт – денсаулық кепілі!

– спорт түрлерімен танысасың;
– спорттың денсаулыққа қандай пайдасы барын білесің.
– спортпен айналысатын адамның бойындағы қабілетін анықтауды үйренесің.

жүгіру

сырықпен секіру

баскетбол

суда жүзу

ауыр атлетика

семсерлесу

  Суреттерге қара. Адамдардың спортпен айналысуының негізгі үш себебін ата.

  Адамдар айналысуға болатын спорттың 200-ден астам түрі бар. Олар әртүрлі топқа бөлінеді. Мысалы, жарыстардың өту мерзіміне сәйкес жазғы және қысқы спорт түрлері бар.

  Суреттерге қарап, қысқы спорт түрлерін таңда. Олардың жазғы спорт түрлерінен басты айырмашылығы неде?

СПОРТ ЖӘНЕ СЕН

  Сен қандай спорт түрімен айналысасың? Ол спорттың түрін таңдау себебің бар ма? Бұл спортқа келер алдында өзіңе қандай мақсат қойдың? Саған Айжан мен Асқардың берген жауабы ұнады ма? Не себепті?

  Айжанның жауабымен келіссең, сенің жетістігіңнің 80 пайызы дене бітіміңнің табиғи жаратылысына байланысты. Мәселен, гимнастикада, конькимен сырғанауда нәтижеге жету үшін иілгіштік пен икемділік керек. Ал денсаулықты нығайту үшін кез келген оқушының балалар спортымен айналысуына болады. Ол: суда жүзу, жеңіл атлетика, конькимен, шаңғымен сырғанау.

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  Әр 4 жылда бір рет олимпиадалық ойындар өткізіледі. Дүниежүзінің спортшылары кім күшті, кім жылдам, кім төзімді екенін анықтау үшін күш сынасады. Ең алғашқы олимпиадалық ойындар 3 мың жылдай бұрын Ежелгі Грекияда өткізілді.

  Интернет ақпараттарын пайдаланып, соңғы олимпиадалық ойындарда жүлделі орындарға ие болған қазақстандық спортшылар туралы айтып бер.

  Өз мектебіңдегі спорт жарыстарына қатысушылардан сұхбат ал. Оларға қоятын сұрақтарыңды жүйеле.

  Пантомима: қимыл-қозғалыс арқылы қандай да бір спорт түрін бейнеле. Сыныптастарың тапсын..

×
×

Корзина