Өткен замандарда адамдардың өмірі ауа райына тікелей қатысты болды. Тарихқа үңілейік. Өте ертеде Қазақстанның жерінде құрғақ ауа райы қалыптасты. Жауын өте сирек жауды. Егіншілікпен айналысу мүмкін болмады. Өсімдіктер қатты ыстықтан қурай бастады. Біздің ата-бабаларымыз жылқы, қой, түйе өсіре бастады. Олар етті, сүтті қорек етті. Тіпті баспананың өзін – киіз үйді жүннен, қой жүнінен да-ярлады. Қысқы киімдер де жүннен, теріден тігілді.
Бүгінгі уақытта ауа райының жайсыздығын алдын ала болжау жоғарылады. Себебі жаңа техникалар пайда болды.