АТАҚТЫ ӨНЕР ТҰЛҒАЛАРЫ

      Атақты тұлғалар – қоғамдық-саяси өмірде, ғылымда, өнерде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген адамдар. Олар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу арқылы адамзат тарихында белді орынға ие болған. Фотосурет өнерінің пайда болғанына көп болған жоқ. Сондықтан біз суретшілердің қылқаламы арқылы ұлы адамдардың қандай болғанын елестете аламыз.

Ғаламтордан фотосурет өнерінің қашан пайда болғаны туралы мәліметтерді тауып оқы.

      Леонардо да Винчи (1452–1519) – итальяндық ұлы суретші. Ол тек суретші ғана емес, сондай-ақ ғалым, инженер-өнертапқыш, музыкант ретінде де тарихта қалды. Оның туындылары санаулы ғана, алайда олардың бәрі жауһар туындылар.

Леонардо да Винчи. Автопортрет

   Вольфганг Амадей Моцарт – аса талантты австриялық композитор. Ол небәрі төрт жасында клавесинде ойнап, 5–6 жасында алғашқы туындысын жазған. Оның туындыларының көпшілігі симфониялық, концерттік, камералық, опералық және хор музыкасының биік шыңы саналады.

Б. Крафт.Моцарттың портреті

     Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны. Абай өлеңдерін талай ұрпақ көкірегіне тоқып, шығармашылығымен сусындап өсті.

Ә. Қастеев. Абай жайлауда

Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

      Абай Құнанбайұлы Пушкиннің және тағы басқа орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі ақынныңда шығармалары біздің елімізде және Ресейде жоғары бағаланады. 2006 жыл Ресейде Абай жылы, Қазақстанда Пушкин жылы болып атап өтілді. Екі мемлекеттің астаналарында ақындарға ескерткіш орнатылған.

М. Әйнеков. Мәскеудегі Абай Құнанбайұлы ескерткіші

Н. Ковальчук. Астанадағы А.С. Пушкиннің ескерткіші

      Ғаламтордан саясат, ғылым, өнер саласындағы атақты тұлғалар туралы мәліметтерді тауып оқы. Олардың жетістіктері туралы айтып бер.

×
×

Корзина