ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ

      Халқымыз көптеген тұлғаларын мақтан тұтады. Олардың ішінде мәдениет қайраткерлері ерекше орын алады. Әбілхан Қастеев – халқымыздың тұңғыш кәсіби суретшісі, Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Оның әртүрлі жанрдағы екі мыңға жуық туындысы бар. Ол қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлихановтың мына бейнесін жасаған.

Ә. Қастеев. Шоқан Уәлихановтың портреті

Ғаламтордан Ш. Уәлиханов туралы мәліметтерді тауып,сыныптастарыңмен бөліс.

1. Портреттерге мұқият қара. Суретшілер бұл тұлғалардың қандай басты ерекшеліктерін көрсеткісі келген?
2. Олар қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланған?

Әбілхан Қастеев жас Абайды да бейнелеген.

   Күләш Байсейітованы «қазақтың бұлбұлы» деп атаған. Ол «КСРО халық әртісі» атағының ең жас иегері атанған. Қазақтың дарынды суретшісі Гүлфайрус Ысмайылова әншінің Қыз Жібек рөліндегі тамаша портретін салған.

    Фуат Мансуров – белгілі қазақ дирижёрі. Суретші Камиль Муллашев дирижёрдің портретін бейнелеп, үлкен шебердің талантына бас иетінін көрсеткен.

1. Еліміздің басқа да атақты қайраткерлерін есіңе түсір. Олар қандай сала бойынша жетістіктерге жеткен? Әңгімелеп бер.

×
×

Корзина