Қауіпті табиғат құбылыстары

Біз қауіпті табиғат құбылыстары жайлы білетін боламыз.

Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады.

Есіңе түсір, табиғат құбылыстары деген не? 

Қандай табиғат құбылыстарын білесің?

      Адамдар табиғаттың тосын құбылыстарына ертеден үйренісіп (найзағай, боран), одан қорғана білді. Кейде адамдардың өміріне олардың қауіп төндіретін кездері де болды.  

Құрғақшылық
Жауыннан кейінгі су тасқыны

Естеріңе түсіріңдер, қарлы боран соққан кезде үлкендерден қандай қауіпті жағдайларды естідіңдер?

        Жыл бойында табиғатта түрлі құбылыстар болып тұрады. Қыста қар борап, көктайғақ болып, суық ауа райы орын алады. Көктемде су тасқыны болуы мүмкін. Қардың еруінен өзендердегі судың деңгейі көтеріледі. Бұл жағдайлардан көпірлердің, жолдардың және үйлердің бұзылуы мүмкін.

1. Әр топ адамдарға қауіп туғызатын немесе туғызбайтын табиғат құбылыстарын дәптерлеріңе теріп жазыңдар:

– көктайғақ – шуақты күн

– қарлы боран – жылы ауа райы

– жаңбыр – найзағайлы жаңбыр

– жел – бұршақ

– ыстық – аязды ауа райы

2. Тағы қандай қолайлы және қолайсыз табиғат құбылыстары аталмай қалды? Ойланып, жазыңдар.

 

1. Жылдың жылы күндерінде қандай табиғат құбылыстары байқалады?

2. Өздерің байқаған ерекше табиғат құбылыстарын интернет желісінен, газет-журналдардан қарап анықтаңдар. Осы тақырыпқа кішкене әңгіме дайындаңдар.

×
×

Корзина