Менің көшем

Біз көшеміздегі көрікті жерлерді сипаттауды үйренеміз.

    Әр адамның өз кіші Отаны бар. Онда оның туып-өскен үйі, ата-анасы бар. Әркімнің тұратын үйі ауылда немесе қалада болуы мүмкін. Үйлер көше бойында орналасады. Көшемен сен мектепке барасың. 

Көшелерге не себепті белгілі адамдардың есімі беріледі?  Сыныптасыңмен ой бөліс.

     Мен Ыбырай Алтынсарин көшесінде тұрамын. Ол көше қазақтың ұлы ағартушысының есімінің құрметіне қойылған. Бұл көшеде мұражай, кітапхана бар. Ол Тәуелсіздік көшесімен қиылысады. 

      Менім үйім Әбілқайыр хан көшесінде орналасқан. Бұл ауылымыздағы ең үлкен көше. Оның бойында адамдар демалатын саяжай бар. 

Өзің тұратын көшеңді суретке түсіріп, әңгімелеп бер. Оны әңгімелеу үшін төмендегі сұрақтарды пайдалан.

– Көше кімнің атымен аталады және неге?

– Бұл көшеде қандай көрікті орындар орналасқан (ескерткіштер, гүлзарлар, оқу орындары, т.б.)?

– Ол көше қандай көшемен қиылысады?

Достарыңның хабарламасын талқылап, қорытынды жаса.

• Балалардың өз көшелері жайлы дайындап әкелген әңгімелері саған ұнады ма? Несімен ұнады?

• Ол көшенің тарихы жайлы сен бұрын білуші ме едің?

1. «Менің туған көшем, менің өмірімнің жалғасысың» деп шырқалатын ән бар. Бұл өз көшеңнің өзіңе ыстықтығын білдіреді. Сен өз көшеңе өлең жолдарын құрастырар ма едің?

2. Сен тұратын көшенің өміріңе әсері болуы мүмкін бе? Көшеңнің көркеюіне қандай үлес қосар едің?

×
×

Корзина