Менің қауіпсіздігім

– электр құралын қолданудың ережелерін білетін боласың.
– электр құралын қолданудың сақтық ережелері бойынша белгілердің суретін салуды үйренесің.

  Суретке қара. Электр қуаты арқылы жұмыс жасайтын құралдарды ата. Олар қандай қызмет атқарады? Бұл заттарға ортақ қандай қасиет бар?

  Бүгінде адамзат тіршілігін электр қуатынсыз елестету қиын. Электр қуаты үйлерді, көшелерді жарықтандырады, үй ішінің жайлылығын қалыптастырады. Азық-түлікті сақтауда, тағам әзірлеуде, үйдің ішін тазалауда, теледидарды, компьютерді іске қосуда, кір жуу, кептіру, үтіктеуде қолданылады. Зауыт, фабрикаларда станоктарды, басқа да құрал-жабдықтарды іске қосады. Электр қуатын қолдана білу өте маңызды.

ЕСІҢДЕ САҚТА!

  Бұл белгіні электр желісінің бағандарынан, электр торабының есіктерінен көруге болады.
  Оның мағынасы: «электр тогының соғу қауіптілігі».
  Бұл белгі тұрған жерге жақындама!

  Суреттерді қара. Балалар тұрмыстық құралдарды қолдануда қандай ережелерді сақтамаған?

  Электр құралын қолданудың ережелерін оқыңдар.
  Ережелерге орай графикалық таңбаларды салыңдар.

Электр жүйесін
шамадан тыс көп
қолдануға
болмайды

Электр құралын
токқа қосулы
күйінде қалдыруға
болмайды

Электр құралын өз
еркіңмен жөндеуге
болмайды

Өзім құрастырамын

Белгілерге қарап, электр құралын қолданудың ережелерін құрастыр.

  Ертегі елінің тұрғындары электр құралын қалай пайдаланды? «Электр әлемі» туралы ертегі құра.

  «Электр қуатын сақта» жадынамасын құрастыр. Электр қуатын үнемдеудің жолын зертте.

  Электр құралдарының атауларын кім көп біледі?

×
×

Корзина