Қазақстанға саяхат

Біз Қазақстанда көріп қызықтайтын туристік жерлермен танысамыз.

     Бүгін Қазақстанда туризмнің барлық түрі жетілген. Туристерді біздің еліміздің өткен тарихы мен мәдениеті және табиғатының алуан түрлілігі қызықтырады.

Картада Қазақстанның қай аймақтарын саяхаттауға болатыны бейнеленген? Өз ойыңды айт.

      Арман! Есіңе түсір, туризмнің қандай түрлері бар? 

      Туризмнің спорттық ойын-сауық, танымдық, сауықтыратын түрлері бар. Балалар, туризмнің негізгі мақсаты не?  

     Қазақстанның оңтүстігіне саяхат жасайық. Дүниежүзіне ең алғаш танымал болған Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолында тұрғызылған қалалар, ашық аспан астындағы мұражайлар танымдық туризмге жатады. 

Туризм түрлерінің өз мақсат-міндеттері бар. Суретте қандай туризм түрі бейнеленген? Өз ойыңды қорытындыла.

Қазақстанның інжу-маржаны – Бурабай көлі
Биік таулы «Медеу» мұзайдыны

  Қожа Ахмет Йасауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. 

Бұл Қазақстандағы әйгілі ескерткіштердің бірі саналады.

Тамғалы таңбалары
«Сарыағаш» шипажайы»

     Қазақстан картасын зерттеу нысаны етіп алып, Қазақстандағы аталған туристік орындар жайлы не білетініңді әңгімеле.

1. Қазақстанда саған таныс тағы қандай туристік орындарды білесің? Олар жайлы білгеніңді әңгімеле.

2. Егер саған Қазақстанда туристік жорыққа шығу мүмкіндігі туса сен қай жерді таңдар едің? Неге? Ол саған несімен ұнайды?

3. Сенің Қазақстанда туристік саяхат жасаған жерлерің бар ма? Ол жайлы не айта аласың?

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының сыртқы келбеті
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
×
×

Корзина